Іле аудандық сайлау комиссиясының бекіткен Күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2019 жылдың 26 наурыз күні Өтеген батыр кентінің №24 лицейінің мәжіліс залында Боралдай кентінің және Жетіген ауылдық округі әкімінің лауазымына сайлау өткізіледі.
Іле аудандық мәслихат депутаттары таңдаушыларының отырысын аудандық мәслихат хатшысы Роза Михаиловна Абилова жүргізді.
Боралдай кентінің және Жетіген ауылдық округі әкімдерінің лауазымына сайлау өткізілгеннен кейін Іле аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Г.Чинаева сайлау қорытындысының хаттамасымен депутаттарды таныстырады.