Мәслихаттың 39 кезекті сессиясында

Posted by

2019 жылы 15 наурызда Іле аудандық мәслихатының кезекті XXXIX сессиясы өткізілді.

Ә.Ә.Исаевтың төрағалығымен өткізілген аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Естеусизова Іле аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы  «Іле ауданының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 36-169 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Іле аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 18-86 шешімімен бекітілген Іле ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалуы туралы хабарлама жасады.

Егембердиева

Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының Іле ауданында жүзеге асырылуы туралы, шаруашылық жүргізу құқығындағы «Іле аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры М.Ә. Егембердиева баяндама жасады.

Закиржанов

Айдарбек

Энергетический ауылдық округінің әкімі С.Т. Закиржановтың және Казцик ауылдық округінің әкімі А.А. Жасымбековтың өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы депутаттар алдында есепті баяндамалары тыңдалып және талқыланып, атқарған жұмыстарына «қанағаттанарылық» деген баға берілді.

Тыщенко

Бұған қоса депутаттар «Іле ауданының құрметті азаматы» атағына ұсынылған: Тыщенко А.И., Бутина Г.А.,Тельпекбаева Ж.Т. және Набиевтың В.Г. кандидатураларын қарап, қолдады.

Іле аудандық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы болып № 12 Магистраль сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты – С. Нұрғисаева сайланды.

Сессияда қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Сессияның жұмысына аудан әкімінің орынбасары Н.О. Құматаев, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық бөлімдер мен басқармалардың басшылары, ауылдық округтердің және Боралдай кентінің әкімдері, жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *