Аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXVIII сессиясында

Posted by

2019 жылғы 22 ақпандағы Іле аудандық мәслихатының кезектен тыс   сессиясын Ащыбұлақ сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Ә.Ә. Исаев  жүргізді.

Сессияның күн тәртібі бойынша келесі мәселелер қаралды:

Іле ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын және Қоғамдық кеңесінің Ережесін бекіту туралы, Іле аудандық маслихат аппаратының басшысы Қ.З.Қалиев хабарлама жасады.

0V8A7403

Іле ауданының  Өтеген батыр, Жетіген және Жаңа талап ауылдарының бас жоспарларын түзетуді бекіту туралы, аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 8 маусымдағы № 13-67 және 2012 жылғы 20 шілдедегі № 8-40  және 2017 жылғы 8 маусымдағы № 13-67 шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Іле ауданының сәулет және қалақұрылыс бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ж.Ш.Оналбаев баяндама жасады.

Бұған қоса «Іле ауданы тұрғындарының денсаулығын сақтау жөніндегі Үйлестіру кенесінің құрамын бекіту туралы», Іле аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары  Б.Ж. Абеуова баяндама жасады.

Алдын-ала аталған мәселелер аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында талқыланып, сессияның қарауына ұсынылған болатын. Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

0V8A7393

0V8A7410

Мәслихат сессиясында аудан әкімі Бағдат Әбілмәжінұлы қорытынды сөз сөйлеп, Іле ауданының Өтеген батыр, Жетіген және Жаңа талап елді мекендерінің даму жоспарларын жүзеге асыру туралы ақпарат беріп, алдағы тұрған нақтылы міндеттер туралы депутаттарды хабардар етті.

0V8A7431

Сессияға аудан әкімі Б.Ә.Қарасаев, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық бөлімдер мен басқармалардың басшылары, аудандық Қоғамдық кеңестің жаңа құрамының мүшелері, ауылдық округтердің және Боралдай кентінің әкімдері, жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *