Аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXXIV сессиясында

Posted by

2018 жылдың 13 қарашасында Сыдық Дәулетовтың төрағалығымен өткізілген аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXXIV сессиясында ауданындық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Т. Естеусизованың ұсынысымен Іле аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы «Іле ауданының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 19-92 шешіміне өзгерістер енгізілді.

IMG_3715Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Іле ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ.З.Ашуовтың ұсынысымен «Іле ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы», «Автотұрақтарға (паркингтерге), сондай-ақ Іле ауданының шекараларындағы тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе заңнама бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне және Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы»  және «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, елді мекендердің жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) және елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп, және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлерге (бұдан әрі – өнеркәсіп жері) арналған базалық салықтық мөлшерлемелерді түзету туралы» шешімдер қабылданды.

Бұған қоса аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Е.Нұрқасымовтың ұсынысымен «Іле ауданының елді мекендерінің  шекараларын белгілеу туралы» шешімі қабылданды.

Сессияның күн тәртібіндегі мәселелер алдын-ала аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының және аудандық Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысында талқыланып, сессияның қарауына ұсынылған болатын.

IMG_3710Сессия жұмысына аудан әкімі Б.Ә.Қарасаев, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық бөлімдер мен басқармалардың басшылары, ауылдық округтер және Боролдай кенті әкімдерінің орынбасарлары, ауылдық округтердің жергілікті қауымдастық жиналыстарының төрағалары, баспасөз өкілі қатысты.

Мәслихат сессиясында аудан әкімі Бағдат Әбілмәжінұлы қорытынды сөз сөйлеп, ағымдағы жылы бюджетті жоспарлау және бюджеттің атқарылуы туралы ақпарат беріп, алдағы тұрған нақтылы міндеттер туралы айтып берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *