Іле аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXIII сессиясы

Posted by

2018 жылы 24 қазанда Іле аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXIII сессиясы өткізілді.

Сессияның жұмысына аудан әкімі Б.Ә. Қарасаев, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық бөлімдер мен басқармалардың басшылары, ауылдық округтердің және Боралдай кентінің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.SAM_6409

Сыдық Дәулетовтың төрағалығымен өткізілген аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Іле аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ұлжан Жұмаділова хабарлама жасап, Іле ауданының ауылдық округтері атауларын, ауылдардың атауларын және ауылдық округтердің елді мекендерінің (ауыл, ықшам аудандар) идеологиялық тұрғыдан ескірген көшелер атауларын жаңа атаулармен қайта атау туралы аудан әкімдігінің қаулылары мен аудандық мәслихаттың бірлескен шешімдерін қабылдауды ұсынды.SAM_6413

Сессияда «Іле ауданы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы», «Іле ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы» және «Іле ауданының жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» мәселелері қаралып, комиссиялардың құрамы бекітілді.

Бұған қоса депутаттар «Іле ауданының құрметті азаматы» атағына ұсынылған: Т.Н. Адамов, Н.Ф. Дурастың және Н.Л. Түймелиевтың кандидатураларын қарап, бірауыздан қолдады.

Сессияның күн тәртібіндегі мәселелер алдын-ала аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында талқыланып, сессияның қарауына ұсынылған болатын.

Сессияда қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *