IЛЕ АУДАНЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Posted by

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімі бо­йын­ша облыс әкімі Амандық Бата­лов­тың өкімімен Іле ауданының әкімі болып Бағдат Қарасаев тағайындалды.

03.09.2018_zhana_akim_tagaiyndaldyЖаңа әкімді аудан активіне арнайы таныстырған аймақ басшысы Амандық Баталов оның алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, қызмет барысында Елбасы бекіткен бағ­дарламаларды сапалы жүзеге асыру қажеттігін айтты.

– Іле – облыстағы экономикалық даму жағынан жоғары көрсеткішті көрсетіп отырған үлкен аудан. Мұнда ірі-ірі өнеркәсіптер орналасқан. Ауыл­шаруашылығы да сан салалы. Ха­лық­тың тығыз орналасу аймағы бол­ған­дықтан мұнда жылда жаңа мектеп, жаңа бала­бақшалар ашылады. Жұмыс орын­дары да көбейе түсуде. Тіршілігі қыз-қыз қайнап жатқан ірі ауданның әкіміне жүктелер міндет көп. Ауыл­шаруа­шы­лығын дамытып, кәсіпкерлікті өркен­детуге күш салу керек. Ең бас­тысы, ел бір­лігін сақтап, Елбасы сая­сатын жүзеге асырып, халықтың әл-ау­қатын көтеруге аянбай жұмыс істеу қажет. Ал, ол үшін осындағы ел ағалары, ақсақалдар әкім­ге қолдау көрсетіп, ынтымақты жоғары орын­ға қойғаны абзал. Мемлекетіміз қуат­ты болу үшін әр ауыл, әр аудан, әр об­лыс игілікті жұмыстар атқарып, бір­лікпен алға қадам басуы керек, – деді Амандық Ғаббасұлы.

03.09.2018_zhana_akim_tagaiyndaldy_1

Жиын барысында «Нұр Отан» пар­тиясы аудандық филиалы төрағасының орын­ба­сары Ерболат Тұрымбетов, ауданның Құр­метті азаматы Төрткен Кененқызы, Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Қаражігітов зейнет­керлік демалысқа шыққан Қыдыркелді Өміржанұлының жұмысына ризашы­лық­тарын білдіріп, жаңа әкімнің қадамына сәт­тілік тіледі.

ТАҒАЙЫНДАУ

Алматы облысы әкімінің өкімімен Бағдат Әбілмәжінұлы Қарасаев Іле ауданының әкімі лауазымына тағайындады.
ҚАРАСАЕВ Бағдат Әбілмәжінұлы – 1964 жылы туған. Алматыдағы теміржол институты мен Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін аяқтаған.
Еңбек жолын Андреев ауданына қарасты Дзержинск ауылында орналасқан №13 орта кәсіптік-техникалық училищесінде мұғалім болып бастаған. Әр жылдарда №13 ОКТУ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Алакөл Агро», «Қайыңды» ЖШС-ның директоры, Алакөл ауданы әкімінің орынбасары, аудан әкімі, Алматы облысы әкімі аппаратының жетекшісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің бас инспекторы, Талдықорған қаласының әкімі қызметтерін атқарған.
2018 жылдың мамыр айынан – Алматы облысы әкімінің кеңесшісі.

Хроника

Алматы облысы әкімінің өкімімен Медеуов Қыдыркелді Өміржанұлы зейнетке шығуына байланысты Іле ауданының әкімі лауазымынан босатылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *