Аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясында

Posted by

2018 жылғы 20 маусымда Іле аудандық мәслихатының кезектен тыс XXVIII сессиясы өткізіліп, онда «Іле ауданының Боралдай кенті мен ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» мәселесі қаралды.

Қаралған мәселе бойынша, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы А.С. Жандосов баяндама жасады.

0V8A6185Алдын-ала бұл мәселе тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында     және Іле ауданы Қоғамдық кеңесінің отырысында талқыланған болатын.

Сессияға аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Сатибаев, аудандық бөлімдердің басшылары, ауылдық округтердің және Боралдай кентінің әкімдері, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.      

0V8A6208

Осы күні «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы», депутаттық оқу өткізілді. Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы А.О. Ноғайбаев негізгі өзгерістерді түсіндіріп берді.

0V8A62100V8A6218

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *