2018 жылдың 26 сәуірінде Іле аудандық мәслихатының кезекті XXVI сессиясында

Posted by

0V8A4470

2018 жылдың 26 сәуірінде Іле аудандық мәслихатының кезекті XXVI сессиясында Іле ауданының 2017 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылу есебі туралы, аудандық қаржы бөлімінің басшысы Қ.Б. Бөпетаева баяндама жасады және Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Іле ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ.З. Ашуов қосымша баяндама жасады.

0V8A4497Іле ауданының 2017 жылғы жергілікті бюджет түсімдерінің және шығыстарының атқарылуына талдау қорытындысымен Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Е. М. Сабыр таныстырып өтті.  Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы В.В. Батыр қосымша баяндама жасады.

0V8A4482

Іле аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы «Іле ауданының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 19-92 шешіміне өзгерістер енгізілді.

Тұрақты комиссия төрағаларының есепті баяндамалары алдын ала алдын-ала тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында талқыланып, аудандық мәслихат тұрақты комиссияларының төрағалары: В. Батырдың, Ә. Исаевтың және Г. Ерубаеваның жұмысына «қанағаттанарылық» деген баға беру сессияның қарауына ұсынылған болатын. Осыған орай сессияда тиісті шешім қабылданды.

Кезекті сессияның төрағасы болып № 13 Қараой сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты – Ерболат Сапарұлы Тұрымбетов сайланды.

Кезекті сессияның күн тәртібіне Іле ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы, аудандық мәслихат депутаттарының алдындағы есебі туралы мәселесі бекітілді.

0V8A44650V8A4457

Сесия жұмысына аудан әкімі Қ.Ө. Медеуов, аудандық бөлімдер мен басқармалардың басшылары, ауылдық округтердің және Боролдай кентінің әкімдері, ауылдық округтердің жергілікті қауымдастық жиналыстарының төрағалары, баспасөз өкілі қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *