Іле аудандық мәслихатының кезектен тыс XXV сессиясы өтті

Posted by

IMG-20180329-WA0007

2018 жылы 29 наурызда Іле аудандық мәслихатының кезектен тыс XXV сессиясы өткізілді.

 Сессияның жұмысына аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Сатибаев, аудандық бөлімдер мен басқармалардың басшылары, ауылдық округтердің және Боралдай кентінің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.

Сессияда Іле ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы, ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.А. Юсупов баяндама жасады.

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты «Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Іле ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Қайрат Зикенұлы Ашуов хабарлама жасап, жаңадан шешімдер (Іле ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы, Іле ауданының шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін, жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы) қабылдауды ұсынды.

IMG-20180329-WA0014

Бұған қоса «Іле аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі» және «Боралдай кенті және ауылдық округ әкімдері жанындағы жер телімін беру немесе оны беруден бас тартуды қарастыратын комиссиялардың құрамы  бекітілді.

Бұл мәселелер алдын-ала тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында және Іле ауданы Қоғамдық кеңесінің отырысында талқыланып, сессияның қарауына ұсынылған.

Сессияның күн тәртібі бойынша қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *