Мәслихат депутаты Р Нұрбаевтың төрағалығымен өткен Іле аудандық мәслихатының кезектен тыс XXІ сессиясында «Іле аудандық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі басшысының лауазымына кандидатураны келісу туралы» мәселесі қаралды.
Депутаттар алдында Іле ауданының әкімі Қ. Медеуов сөз сөйлеп, облыс әкімі А. Баталовтың ұсынысымен жергілікті өкілетті органның қарауына жергілікті полиция қызметінің басшысы лауазымына Ербол Жабрович Кинеевтың кандидатурасын ұсынатынын хабарлады.
Сессияда аудандық мәслихат хатшысы Р. Абилова, депутаттар Е.Турымбетов, А.Исаев және М.Кошалко сөз сөйлеп, өздерінің ұсыныстары мен тілектерін айтты. Іле ауданы тұрғындарының өте белсенді екенін, құқық қорғау органдарының жұмысына сын көзқараспен қарайтынын және тәртіп бұзушылықтың алдын алу жұмысын жақсарту мен учаскелік полиция инспекторларының ауысуын азайту керектігін атап өтті
Депутаттар Е. Кинеевтың кандидатурасын қолдап, сессияның тиісті шешімін қабылдады.