2018 жылғы 18 қаңтарда Іле аудандық мәслихатының тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және тіл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде –нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын Іле ауданында жүзеге асырылуы туралы мәселені зерттеу және кезекті сессиясына енгізу.
