Мәслихат сессиясында Іле ауданының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті бекітілді

Posted by

2017 жылы 21 желтоқсанда  М.А. Егембердиеваның төрағалығымен өткізілген Іле аудандық мәслихатының кезекті XІX сессиясында Іле ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Т. Естеусизова баяндама жасап, Іле ауданының 2018-2020 жылдарға арналған бюджетін бекітуді ұсынды. Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Ж.Ж. Бейсембаев қосымша баяндама жасады. Депутаттар Іле ауданының 2018-2020 жылдарға арналған бюджетін бекітуді бірауыздан қолдады.

0V8A92430V8A9244

Сессияда Іле аудандық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі басшысының міндетін атқарушы А.М. Муралимовтың 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы – аудандық мәслихат алдындағы есепті баяндамасы мәліметке алынып, атқарған жұмыстары «қанағаттанарлық» деп бағаланды.

0V8A9228Бұған қоса Іле аудандық мәслихат хатшысы Р.М. Абилованың  2017 жылы мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарған жұмыстары туралы есепті баяндамасы мәліметке алынып, атқарған жұмыстары «қанағаттанарлық» деп бағаланды.

Іле аудандық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы болып №7 Покровка сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Р.М. Нұрбаев сайланды. Күн тәртібіндегі тағы басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.

0V8A9234Сесия жұмысына Іле ауданы әкімінің орынбасары Құматаев Н.О. аудандық бөлімдер мен басқармалардың басшылары, ауылдық округтердің және Боролдай кентінің әкімдері, ауылдық округтердің жергілікті қауымдастық төрағалары мен мүшелері, баспасөз өкілі қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *