Іле ауданының әкімі Қ. Медеуовтың қатысуымен аудандық мәслихат тұрақты комиссияларының кеңейтілген мәжілісі өтті

Posted by

2017 жылғы 23 қарашада Іле ауданының әкімі Қ. Медеуовтың қатысуымен   аудандық мәслихат тұрақты комиссияларының кеңейтілген мәжілісі өткізілді. Мәжілісті аудандық мәслихат хатшысы Р. Абилова жүргізді.

Күн тәртібіндегі «Аудан мектептеріндегі медициналық кабинеттердің, медициналық көмек көрсету мен оқушылардың арасында профилактикалық жұмысты жүргізудің жағдайы туралы»  Іле ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері,  №3 «Водник» сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты М. А. Егембердиева баяндама жасады.

IMG_1087Жарыссөзде: Іле аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Б.Ж. Абеуова, IMG_1075«Даулет Центр» медицина орталығы директорының орынбасары А.О. Жартыбаева IMG_1071және Боралдай кенті орталық ауруханасының бас дәрігері Д.Б. Садыкова сөз сөйледі.

IMG_1046Тұрақты комиссиялардың кеңейтілген мәжілісіне оның барлық мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, Боралдай кенті мен ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, мектеп директорлары  мен медицина қызметкерлері және баспасөз өкілі қатысты.

Қаралған мәселе бойынша мектептеріндегі медициналық кабинеттердің, медициналық көмек көрсету мен оқушылардың арасында профилактикалық жұмысты жақсарту ұсыныстарымен тұрақты комиссияның тиісті қаулысы қабылданды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *