«Муниципалдық бақылау және бюджет» темасында семинар өткізілді

Posted by

IMG_05342017 жылғы 15 қарашада Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы қорының өкілдігі «Муниципальдық бақылау және бюджет» темасында Іле ауданында семинар өткізді.

Семинарды аудандық мәслихат хатшысы Роза Абилова, аудан әкімінің аппарат басшысы Мұхит Кәрібаев және Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы қоры өкілдігінің директоры Томас Хельм алғы сөздерімен ашты.

1998 ден 2009 жылдар кезеңіндегі Бундестагтың депутаты, адвокат Йохен-Конрад Фромме – «Жергілікті бюджетті жоспарлау және есеп беру. Азаматтардың қатысуы» және «Қалалық советтердің және қауымдастық советтерінің жұмысы (муниципалитеттер)» темасында өзінің еңбек тәжиірбесімен бөлісті.

Семинарға Іле аудандық мәслихат депутаттары, Іле аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, ауылдық округ және Боралдай кентінің әкімдері қатысты.

IMG_0694Семинар соңында тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *