Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өткізілді

Posted by

0V8A00932017 жылғы 2 қарашада Іле аудандық мәслихатының ХVІІ кезектен тыс сессиясында Іле аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы «Іле ауданының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 9-39 шешіміне өзгерістер енгізілді.

0V8A0118Іле ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобының ұсынысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелігіне Юсупов Асқар Махмұдұлы мен Поротиков Виктор Николаевичті еңгізу туралы шешім қабылдады.

0V8A0104 Бұған қоса 2017 жылғы 29 қазандағы Іле аудандық мәслихатының депутатын сайлау нәтижелері туралы, Іле аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Галина Евгеньевна Чинаева хабарлама жасап, № 9 Жаңа дәуір сайлау округі бойынша Скоропадский Александр Борисовичтің сайланғанын хабарлап, салтанатты түрде депутаттық куәлігін тапсырды.

0V8A0096Сессияның жұмысына аудан әкімі Қыдыркелді Өміржанұлы Медеуов, аудан әкімінің аппарат басшысы Мұхит Бахытұлы Карибаев, аудандық бөлімдер мен басқармалардың басшылары, ауылдық округтердің және Боралдай кентінің әкімдері және баспасөз өкілі қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *