2017 жыл 27 қыркүйек
Іле аудандық мәслихатының ХVІ кезектен тыс сессияның күн тәртібінде Алматы облысы Іле ауданының ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық шекараларын (шегін) белгілеу туралы мәселе қарастырылды.
Мәслихат депутаттары жоғарыда аталған мәселелер бойынша өз ой-пікірлерін айтып, тиісті ұсыныстар жасап, бірлескен шешім қабылдады.
Бұл мәселе алдын-ала тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында және Іле ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысында талқыланды.
Сессияға аудан әкімінің орынбасары Н.О.Құматаев, аудандық бөлімдер мен басқармалардың басшылары, ауылдық округтердің және Боралдай кентінің әкімдері, баспасөз өкілі қатысты.