2017 жылы 9 тамызда Іле аудандық мәслихат депутаттары – таңдаушылары отырысының мәжіліс өтті

Posted by

Іле аудандық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 21 маусымдағы № 1 шешімімен Қараой, Күрті, Чапаев және Энергетический ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауын өткізу 2017 жылғы 9 тамыз күніне тағайындалдалған болатын.

0V8A6254Ауылдық округ әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізілуі Іле аудандық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізілді.

Ауылдық округтердің әкімі болуға кандидаттардың балама негізде аумақтық сайлау комиссиясына өтініштер беруі 2017 жылғы шілденің 10 және 14 аралығында өтті.

Ауылдық округтердің әкімі болуға кандидаттарды тіркеу және тиісті куәлік тапсыру 2017 жылғы 25 шілдеге дейін жүргізілді.

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу аясында кестеге сәйкес 2017 жылы 2 тамызда аудандық мәслихат депутаттарымен (таңдаушылармен) кандидаттардың кездесуі өткізілді.

Аудандық мәслихат депутаттары – таңдаушылары  отырысына аудандық мәслихат хатшысы Р.М. Абилова төрағалық етті.

0V8A6290Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы ауылдық округтер әкімдерінің сайлау қорытындысы бойынша келесі нәтижелерді жариялады:

Қараой ауылдық округінің әкіміне:

Казербаев Данияр Камалбекұлы  – 16 (88%)

Жұмадилова Ұлжан Бұлтбайқызы  – 1 (5,6%)

Жұмамұратов Максим Асанұлы  – 1 (5,6%)

Күрті ауылдық округінің әкіміне:

Өгізбаев Даниял Рахымбайұлы  – 18 (100%)

Чапай ауылдық округінің әкімі:

Жұмабаев Бауыржан Ақжолұлы   – 18 (100%)

Энергетик ауылдық округінің әкімі:

Закиржанов Садыр Тұрсынжанұлы – 12 (66,7%)

Көкім Нұрдаулет Бақытұлы    – 6 (33,3%)


Іле ауданындағы ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындысы туралы ақпарат

IMG-20170828-WA0002

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *