Ағымдағы жылдың 7 тамызында Өтеген батыр ауылында №24 лицейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты депутаттық сабақ өтті. Сабаққа Іле аудандық мәслихатының депутатары қатысты.
Іле аудандық мәслихатының хатшысы Р.Абилова өз сөзінде қарастырылып отырған мәселелердің маңыздылығын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытталған мемлекет саясатының басымдылығын атап өтті.
Сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша бөлімінің басшысы А.Байкенжина баяндады – тақырыптық кездесу өткізу жемқорлықтың алдын алу пәрменді тетіктердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес, ең алдымен, мемлекеттік қызметшілердің құндылықтар жүйесін нығайтуға және жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімдікке дағдыландыруға бағытталуы тиіс.