Мәслихат сессиясында Іле ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы – аудандық мәслихат депутаттарының алдындағы есепті баяндамасы тыңдалды

Posted by

2017 жылғы 26 шілде күні аудандық мәслихаттың кезекті 14 сессиясында аудан әкімі Қ.Ө.Медеуовтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы – аудандық мәслихат депутаттарының алдындағы есепті баяндамасы тыңдалды. Жарыссөзде мәслихат депутаттары М.С.Кошалко, С.Ә.Дәулетов, М.А.Егембердиева сөз сөйледі. Іле ауданы әкімінің есепті баяндамасын тыңдап және талқылай келе, мәслихат депутаттары оның атқарған жұмысына «қанағаттанарылық» деген баға берді.

0V8A5941         Екінші мәселе бойынша Іле ауданының жергілікті полиция қызметі басшысының 2017 жылдың жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы – аудандық мәслихат депутаттарының алдындағы есепті баяндамасы тыңдалды. Жарыссөзде мәслихат депутаттары Г.Ж. Ерубаева, Р.Н.Елешев және Байсерке ауылдық округінің әкімі Т.О. Копбаева сөз сөйлеп, өздерінің ұсыныстарын берді. Ғ.А.Жолдыбаевтың есепті баяндамасы назарға алынып, жергілікті полиция қызметінің атқарған жұмыстары «қанағаттанарлық» деп бағаланды.

0V8A5969        Қаралған мәселелер алдын-ала тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында және Іле ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысында қаралып және талқыланған болатын.

0V8A5961        Мәслихат сессиясының шешімімен «Іле ауданының құрметті азаматы» атағы мыналарға берілді:

  1. Жамилов Мэлс Ділдебайұлына
  2. Үдербаев Аманкелді Жолаушыұлына
  3. Боранчиева Бикамалға
  4. Саткенбаева Садат Қондыбайқызына
  5. Кенжеқұлов Отар Абраймұлына.

Кезекті сессиясының төрағасы болып № 3 Водник сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты М.А.Егембердиева сайланды.

Кезекті сессияның күн тәртібіне «Іле ауданының 2018-2020 жылға арналған бюджеті туралы» мәселесін енгізу бекітілді.

Басқа да қаралған мәселелер бойынша сессия шешімдері қабылданды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *