2017 жылдың 23 маусымында «НұрОтан» партиясының Іле аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында Алматы облыстық және Іле аудандық мәслихат депуттатарының ҚР Парламенті Сенатының депутатығына үміткер Н.Н. Қылышбаевпен кездесуі өткізілді.
Кездесуді Іле аудандық мәслихатының хатшысы Роза Михаиловна Абилова жүргізді.
Алматы облысынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үміткер Нұрлан Қылышбаев өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстыра келе, әлеуметтік саяси тақырыпта сөз қозғап, осы уақытқа дейін депутат ретінде көптеген заңдардың жобасын талқылауға қатысқаны туралы, заң шығаруда өзінің кәсіби білімділігін және тәжірибесін толықтай қолданатынын айтты. Алдағы уақытта, депутаттыққа сайланған жағдайда ауданымыздың, Алматы облысы тұрғындарының талап, тілегін жоғарғы деңгейде қорғауға міндеттенді.
Аудандық мәслихат депутаттары: Р.М.Абилова, Е.С.Тұрымбетов, Ә.Ә.Исаев, Ж.Ж.Бейсембаев, Р.М.Нұрбаев және С.Ө.Нұрғисаева ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үміткер Н.Н.Қылышбаевтың кандидатурасын қолдап сөз сөйледі.