2017 жылғы 7 маусымда «Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулықсақтау мәдениет және тіл мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның кеңейтілген мәжілісі өткізілді. Тұрақты комиссияның кеңейтілген мәжілісін аудандық мәслихат хатшысы Роза Михайловна Абилова жүргізді.
Іле ауданының Жастар ресурстық орталығының басшысы Ғ.Дауталиевтың Іле ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру туралы есепті баяндамасы тыңдалды. Есепті жиында «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының төрағасы Е.Тұрымбетов, тұрақты комиссия төрағасы Ә.Исаев, тұрақты комиссиясының төрайымы, № 5 «Гүлдер» сайлау округінен сайланған депутат Г. Ж. Ерубаева, Іле аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С. Жаркынбеков және де басқа депутаттар сөз сөйлеп, өздерінің сын ескертпелерін және Жастар ресурстық орталығының жұмысын жандандыру туралы ұсыныстарын айтты.
Қаралған мәселе бойынша депутаттардың ұсыныстары ескеріліп, тұрақты комиссияның қаулысы қабылданды.