Аудандық мәслихаттың кезектен тыс XIII сессиясы

Posted by

        2017 жылы 8 маусымда өткізілген аудандық мәслихаттың кезектен тыс XIII сессиясының жұмысын №13 «Қараой» сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Ерболат Сапарұлы Тұрымбетов жүргізді, онда келесі мәселелер қаралды:

  • Іле ауданындық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы «Іле ауданының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 9-39 шешіміне өзгерістер енгізу;
  • «Іле ауданының Казцик, Қоянқұс ауылдарының бас жоспарымен бірлескен нақты жоспарлау жобаларын және Боралдай кентінің бас жоспарымен бірлескен нақты жоспарлау жобасына түзету енгізуін және Жетіген, Междуреченск, Ынтымақ Чапай, Қараой, Көкқайнар, Екпенді (тұрғын және өндірістік аймақ) М.Түймебаев  (өндірістік аймақ) ауылдарының нақты жоспарлау жобаларын бекіту;
  • Іле ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту;
  • Іле ауданындық мәслихатының 2017 жылғы 26 сәуіріндегі «Іле аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі» №12-60 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

      Сессияның жұмысына  аудан әкімінің орынбасары Дәурен Хабдолданұлы Жүнісов, аудандық бөлімдер мен басқармалардың басшылары, ауылдық округтердің және Боралдай кентінің әкімдері мен жергілікті қауымдастық жиналыстарының төрағалары және баспасөз өкілі қатысты.

0V8A3865      Мәслихат депутаттары Іле ауданының Казцик, Қоянқұс ауылдарының бас жоспарымен бірлескен нақты жоспарлау жобалары және Боралдай кентінің бас жоспарымен бірлескен нақты жоспарлау жобасына түзету енгізу және Жетіген, Междуреченск, Ынтымақ Чапай, Қараой,   Көкқайнар, Екпенді (тұрғын және өндірістік аймақ) М.Түймебаев  (өндірістік аймақ) ауылдарының нақты жоспарлау жобаларымен танысты.

 «Урбостиль» ЖШС-ң жобалау фирмасының архитекторлары Қуандық Базарбаев және Ильяс Ахметала, «ГРАДО» жобалау фирмасының бас архитекторы Сағындық Ыбырайұлы Ауғанбай, жобалардың жетекші архитекторы Қайрат Дарханұлы Абылғазиев, Чапай, Қараой, Көкқайнар ауылдары жобалары бойынша DT-Service-05 бас архитекторы Бойко Борис Дмитриевич, «Нұр-Құрылыс-80» ЖШС-нің бас маманы Қанат Мақсұтұлы Мұханов қосымша баяндамалар жасады.

0V8A3911  Депутаттарды коммуникацияларды қамтамасыз ету мәселелері (канализация, электр жарығы), жеке тұрғын үй құрлысы мен келешекте жұмыс орындарын ашатын өндіріс аймағы үшін бөлінетін жерлер, әлеуметтік-мәдени объектілерді, тұрмыстық қалдықтарды өңдеу, мал қорымдарын  орналастыратын жерлердің арасалмағын анықтайтын мәселелер қызықтырды. Депутаттардың ұсынысымен жобаларды түзету үшін жұмысшы тобы құрылды.

     Қаралған мәселелер бойынша сессияда тиісті шешімдер қабылданды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *