Қоғамдық кеңестің жұмысы: полиция қоғамға қызмет ету керек

Posted by

       Жақында Өтеген батыр кенті №24 мектеп лицейінде қоғам сұрақтарын  Іле аудандық учаскелік полиция қызметінің құқық бұзушылық пен қылмыстың (мал және  азаматтардың жеке мүлігін ұрлау)  алдын алу бойынша атқарған жұмыстарын талқылау жиналысы өтті. Үлкен көлемдегі іс-шараны Іле аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Е.С.Тұрымбетов ашып жүргізді. Оның жұмысына аудандық мәслихаттың хатшысы Р.Абилова, жергілікті полиция қызметінің басшысы полиция полковнигі Ғаният Жолдыбаев, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан бөлімдерінің басшылары, ауылдық округ әкімдері, учаскелік полициялар, жергілікті қоғамдастықтың төрағалары, БАҚ өкілдері және т.б қатысты.  Күн тәртібіндегі негізгі сұрақ бойынша баяндамасымен жергілікті полиция қызметінің басшысы Ғаният Жолдыбаев сөз сөйледі. Ол учаскелік полицияның жұмысына нақты тоқталды.

 DSC00584 (1)Ортақ іс-шараның барысында полиция қызметінің жұмысы бойынша аудан тұрғындары сұрақтар және ұсыныстарымен сөз сөйледі. Учаскелік инспекторлар жетіспеушілігіне қарамастан, олардың көбісі шыдамдылықпен батылдығын көрсетіп жедел және адал жұмыс істейтіндігін оларға деген әділетсіздік болмауы үшін айта кету керек. Жолдыбаевтың баяндамасынан кейін жалпы жиналыстың, полиция жұмысын қорытындылай отырып Қоғамдық кеңестің төрағасы полиция қызметкерлерін жауапқа шақырып көрсеткіштерімен қызықты. Сондай-ақ кеңестерімен бөлісті. Тәртіп сақшыларын Тұрымбетов аудандық мәслихаттың депутаттарымен, аудан тұрғындарымен, Қоғамдық кеңеспен, ақсақалдар кеңесімен бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Сонда ғана азаматтардың  жеке мүлігін ұрлау сияқты қылмыстармен күресу айтарлықтай жетістікке әкеледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *