Көпшілік тыңдауы өткізілді

Posted by

       2017 жылғы 24 сәуірде «Аудандағы электр жүйелерінің және электр қуатымен қамтамасыз ету объектілерінің жағдайы мен оны одан әрі дамыту туралы» аудандық мәслихат тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауы өткізілді. Көпшілік тыңдауды аудандық мәслихат хатшысы    Р. М. Абилова жүргізді.
DSC00112     Көпшілік тыңдауға аудандық мәслихат депутаттары, Алматы облыстық мәслихат аппаратының баспасөз-хатшысы С.Б. Бейсенбаева, аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Ерекешев, аудан әкімінің көмекшісі А.В. Штейнке, аудандық бөлімдер басшылары, ауылдық округтердің әкімдері мен  олардың жергілікті қауымдастық жиналысының төрағалары және округтердің учаскелік мастерлері, баспасөз өкілідері қатысты.

      Іле аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы А.С. Қапаровтың  аудандағы электр жүйелерінің жағдайы туралы хабарламасы тыңдалды. Тұрақты комиссияның төрағасы  В.В. Батыр жұмыс тобының қорытындысы бойынша баяндама жасады. «Алматы Жарық компаниясы» АҚ Өтеген батыр аудандық электр жүйесінің бас инженері К.А. Есекеев хабарлама жасап, депутаттардың сұрақтарына жауап берді.
DSC00119  Жарыссөзде Боралдай кентінің әкімі М.О. Салимбаев, Чапаев ауылдық округі жергілікті қауымдастығының төрағасы О.А. Атамбаев,  аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Ерекешев, аудан әкімінің көмекшісі А.В. Штейнке сөйлеп, өздерінің ұсыныстарын берді.
DSC00124      Көпшілік тыңдау жұмысының нәтижесінде депутаттардың ұсыныстары ескеріліп тұрақты комиссиясының қаулысы қабылданды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *