Біздің Отан қорғаушыларымыз өз мерекесін атап өтті, 25 жыл ішінде тек қана әскери қызметкерлерінің мерекесі ғана емес, халық пен армия бірлігінің, шынайы барша халықтық мереке күніне айналып отыр.
«Отан қорғаушы күні» қарсаңында мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлерінің әйелдер қауымы еркек әріптестерін айрықша құттықтады. Олар армия қатарында өткізген күндерін және жастық шақ жылдарын еске түсіретін арнайы сахналық қойылым дайындап, өткізді.