Іле ауданының 2016 жылғы жергілікті бюджетінің түсімдері мен шығыстарының атқарылуы туралы

Posted by

     Аудандық мәслихатының кезекті XII сессиясының жұмысында аудан әкімі Қыдыркелді Ө.М., ауылдық округтердің жергілікті қауымдастық төрағалары, Іле ауданының 2016 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылу есебі туралы, Іле ауданының қаржы бөлімінің басшысы Қ. Б. Бөпетаеваның баяндамасы тындалды.

0V8A0391

      Іле ауданының 2016 жылға арналған аудандық бюджетінің кірістері бойынша атқарылу есебімен, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Іле ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ. З. Ашуов қосымша сөз сөйледі.0V8A0365

     Іле ауданының 2016 жылғы жергілікті бюджет түсімдерінің және шығыстарының атқарылуына талдау қорытындысы бойынша Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Е.М.Сабыр таныстырды.

       Аудандық мәслихат тұрақты комиссияларының төрағаларына: В.В. Батырға, Ә.Ә. Исаевқа және Г.Ж. Ерубаеваға жұмысына «қанағаттанарылық» деген бағаны, депутаттар берді.

    Шешім қабылдаған бойынша «Іле ауданының құрметті азаматы» атағын берілді:

  1. Юсупов Мәжит Кәрімұлына;
  2. Кошалко Михаил Станиславовичке;
  3. Ходжалаков Руслан Рахимұлына;
  4. Рауанов Қапар Тоқтарбайұлына.

        Аудандық мәслихаттың келесі кезекті сессиясының төрағасы № 13 Қараой сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты – Ерболат Сапарұлы Тұрымбетов сайланды.

0V8A0354

      Кезекті сессияның күн тәртібіне «Іле ауданының әкімі Қыдыркелді Өміржанұлы Медеуовтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы, аудандық мәслихат алдындағы есебі» мәселесі бекітілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *