2017 жылдың 22 сәуірінде ағаш отырғызу және аумақтарды аббаттандыру бойынша өткізілген республикалық сенбілікке Іле аудандық мәслихат депутаттарының барлығы белсенді түрде қатысты. Барлық ауылдық округтерде депутаттар сайлаушыларымен бірігіп 2 мыңнан астам көшет отырғызды.
Сенбілік басталар алдында іс-шараға қатысушы Іле аудандық мәслихат хатшысы Роза Абилова және мәслихаттағы «Нұр Отан» фракциясының төрағасы Ерболат Турымбетов сөз сөйлеп, қатысушыларды жігерлендірді.
Шараға қатысушылар Өтеген батыр кентінің Үш ұрпақ батырларына арналған ескерткішінің аллеясында шырша, ақ қайың, әртүрлі ағаштар отырғызды.
Шараға қатысушылар Өтеген батыр кентінің Үш ұрпақ батырлары ескерткіші аллеясында шырша, ақ қайың, әртүрлі ағаштар отырғызды.