Кезекті XI сесиясында

Posted by

0V8A7713

      Алдын-ала Іле ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысында және тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында талқылап, депутаттар Іле   ауданының 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджетіне өзгерістерді бекітті.

     Депутаттар «Іле ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жағдайы мен одан әрі дамуы туралы», Іле ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы А.Д. Камалбектің хабарламасын тыңдап, мәліметке алды. Алдағы уақытта ТКШ мәселесі депутаттармен егжей-тегжейлі зерделеніп, қорытындысы бойынша тұрақты комиссияның көпшілік тыңдауы өткізіледі.

Іле ауданы елді мекендерін абаттандыру бойынша жылдың «Үздік округі», «Үздік ПИК», «Үздік аула», «Үздік үй» және «Тұрмыстық қалдықтарды жинау бойынша үздік кәсіпорын» атағына конкурс өткізу қағидасы мақұлданды.

Сессияны № 5 «Гүлдер» сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Г.Ж.Ерубаева жүргізді.

0V8A7700      Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағалығына № 9 Жаңа дәуір сайлау округінен сайланған депутат Садыр Тұрсынжанұлы Закиржанов ұсынылады.

     Сессияға аудан әкімі Қ.Ө.Медеуов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлімдер мен басқармалардың басшылары, ауылдық округтердің және Боролдай кентінің әкімдері, баспасөз өкілі қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *