Мәслихат депутаттары Президент жолдауын талқылауға қатысты

Posted by

IMG_1480

Іле ауданында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Cерік Тұрарұлы Сейдумановпен Президент жолдауын талқылау кездесуі өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауының міндеттерін жүзеге асыруды түсіндіру. Өз сөзінде: Өзінің жолдауында Елбасы Н.Ә. Назарбаев бес негізгі басымдықты анықтағанын және олар экономикалық дамудың жаңа үлгісін қалыптастырып, елдің дүние жүзіндегі 30 алдыңғы қатарлы мемлекеттің қатарына қосылуын қамтамасыз ететінін айтып кетті. Мемлекет басшысы индустрияның жаңа цифрлық технологияларды қолдану арқылы қалыптасатын салаларын меңгеруге шақырады. Бірінші басымдық шеңберінде Жолдауда еңбек өнімділігін арттыру қажеттілігіне назар аударылғанын, ол экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторларының бірі болып табылатынын ескертті. Бизнес ортасын түбегейлі кеңейту және жақсарту – Мемлекет басшысы атап өткен екінші басымдық. Үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық. Мемлекет басшысы бюджет шығындарының тиімділігін арттыруға тапсырма бергенін. Адами капитал сапасын жақсарту – Мемлекет басшысы белгілеген міндеттердің бірі екенін. Бесінші басымдық шеңберінде – институционалдық түрлендіру, қауіпсіздік және жемқорлықпен күрес екендігін атап өтті.

IMG_1481

Кездесуге аудандық мәслихат депутаттары, еңбек ұжымдарының өкілдері және аудан тұрғындары қатысты. Кездесу кезінде С.Т. Сейдуманов қойылған сұрақтарға жауап берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *