Іле ауданының әкімі Қ.Ө.Медеуовтің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есепті баяндамасы тыңдалды

Posted by

          Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 5 бабына сәйкес, 2017 жылы 12 қаңтар күні Іле ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында Іле ауданының әкімі Қ.Ө.Медеуовтің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есепті баяндамасы тыңдалды.

           Тыңдалым барысында Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қоғамдық кеңес мүшесі Әмзе Әлдибекұлы Исаев, № 13 М.Мақатаев атындағы орта мектеп директоры, Қоғамдық кеңес мүшесі Ғалия Нәдірбекқызы Нәдірбекова, Байсерке ауылы дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі, Қоғамдық кеңес мүшесі Бахыт Әлжапарқызы Сүлейменова, Іле ауданының құрметті азаматы, Қоғамдық кеңес мүшесі Лилия Ивановна Гасанова аудан әкімі Қ.Ө. Медеуовтің  атқарған жұмысына ризашылығын білдіріп, деніне саулық тілеп, атқарған жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға беруді ұсынды.

      Тыңдалым қорытындысы бойынша Іле ауданының әкімі Қ.Ө. Медеуовқа жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы бойынша нәтижелері қанағаттанарлық деп танылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *