Мәслихаттың кезекті сессиясында

Posted by

2016 жылы 12 желтоқсанда С.Ө.Нұрғисаеваның төрағалығымен өткен Іле аудандық мәслихатының VІ шақырылымының кезекті ІX сессиясында  «Іле ауданының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы», Іле ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Т. Естеусизова баяндама жасады. Іле ауданының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті Іле ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес жоспарланған. Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы  В.В.Батыр  қосымша баяндама жасады.

Бұған қоса Іле ауданындық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Іле ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы» №52-245 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.0v8a4317

Іле аудандық мәслихат хатшысы Р.М. Абилованың  2016 жылы мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарған жұмыстары туралы есепті баяндамасы мәліметке алынып, атқарған жұмыстары «қанағаттанарлық» деп бағаланды.

Іле ауданы әкімдігінің дербес құрамына өзгерістер енгізуге келісім беріліп және Іле аудандық мәслихатының 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Мәслихат шешімімен «Іле ауданының құрметті азаматы» атағы мыналарға берілді:

  1. Берікжан Абенұлы Байжүнісовке;
  2. Бақыт Әлжапарқызы Сүлейменоваға;
  3. Лилия Ивановна Гасановаға;
  4. Даниял Рахымбайұлы Өгізбаевқа;
  5. Жұмабек Исмайлұлы Бейсенбаевқа;
  6. Құрманғали Омарғалиұлы Кенжекұловқа;
  7. Владимир Вениаминович Питерцевқа;
  8. Шолпан Қағазбаеваға.

Іле аудандық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы болып № 5 «Гүлдер» сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Г.Ж. Ерубаева сайланды. Күн тәртібіндегі тағы басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.

0v8a4290Сесия жұмысына Іле ауданы әкімінің орынбасары Д.Х. Жүнісов , С.К. Ерекешев, аудандық бөлімдер мен басқармалардың басшылары, ауылдық округтердің және Боролдай кентінің әкімдері, ауылдық округтердің жергілікті қауымдастық төрағалары мен мүшелері, баспасөз өкілі қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *