2016 жылдың 24 қараша күні Іле ауданы, Отеген батыр кентіндегі № 24 лицейдің конференц залында «Қалалық және аудандық деңгейлердегі мәслихаттарындағы партия фракциясының қызметі» атты тақырыбында семинар өтті. Семинарға қалалық және аудандық деңгейлердегі мәслихаттардағы партия фракциясының депутаттары және Іле аудандық мәслихатының депутаттары қатысты.
Депутаттар келесі тақырыптар бойынша баяндамалар тыңдады:
- Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадамды жүзеге асыру туралы.
- Қазақстан Республикасының саяси жүйесі.
- «Нұр Отан» партиясының Қазақстанның саяси жүйесіндегі орны мен рөлі.
- «Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдау бөлмесіндегі барлық деңгейлердегі мәслихат депутаттарының жұмысы туралы.
- Халықтың партия қызметін бағалауы: өңірлік аспект («Нұр Отан» партиясының саяси талдау және стратегиялық зерттеу орталығының әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша).
- Тренинг «Мәслихат депутатының портреті».
- Рөлдік ойын. Ішкіпартиялық пікірталас – «Нұр Отан» партиясы: оң және теріс белгілері».
Семинар соңында, тестілеуден өткізді, нәтижесі бойынша сертификаттар берілді.