ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС КЕЛЕСІ ҰСЫНЫСТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Posted by

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 20 бабына сәйкес, Іле ауданының ветеринария бөлімі, Іле ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі және Іле ауданы жер қатынастары бөлімі басшыларының хабарламалары тыңдалып, талқыланды. Қоғамдық кенестің ауыл шаруашылығы, сәулет, құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және әлеуметтік саланы дамыту еңбекпен қамту, білім, денсаулық сақтау, тіл, спорт, мәдениет, жастар саясаты, ұлтаралық және діни қатынастар жөніндегі комиссиялардың мүшелерімен жоғарыда ұсынылған мәліметтердің орындалуы бойынша мониторинг жүргізілді. Мониторинг қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес КЕЛЕСІ ҰСЫНЫСТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысына мыналар ұсынылсын:

1) Тұрғындарды жаппай спортпен айналысуға тарту бойынша іс-шаралар ұйымдастырсын. Еңбек ұжымдары арасында жарыстар, спортакиядалар өткізсін. Аталған іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жұмыс жоспарын жасасын;

2) Ауданда спорт бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланып отырсын.

  1. Ветеринария бөлімінің басшысына мыналар ұсынылсын:

1) Қанғыбас иттер мен мысықтарды ұстау бақылауға алынсын, себебі  қанғыбас иттер мен мысықтардың саны азаймауда;

2) Жеке тұлғалардың ұй ауласында малды союы бақылауға алынсын. Бұқаралық ақпарат құралдары, хабарламалар, түсініктемелік насихат жұмыстары арқылы ұй ауласында малды союға тиым салынатыны және малды тек мал сою пунктерінде жүргізу қажеттігі туралы аудан тұрғындарына ақпарат берілсін;

3)  Ауылдық округтерде жекеменшік аулаларда мал сою бойынша талдау жүргізілсін.

  1. Жер қатынастары бөлімінің басшысына мыналар ұсынылсын:

1) Заңда белгіленген тәртіп бойынша жергілікті жерлерде жұмыстар жүргізілсін;

2) Тұрғындар арасында жер қатынастары бойынша түсініктеме жұмыстары жүргізіліп отырсын.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *