2016 жыл 27 қазанда Іле аудандық мәслихатының VІ шақырылымының кезектен тыс VІІІ сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібіндегі келесі мәселелер қарастырылды:
- Іле аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Іле ауданының 2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» №52-243 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Іле ауданының Жетіген ауылдық округіндегі Жетіген, Жаңа арна, Құйған, Еңбек ауылдарының жаңа көшелеріне атаулар беру туралы.
Мәслихат депутаттары Е.С.Тұрымбетов Ә.Ә.Исаев, М.С.Кошалко жоғарыда аталған мәселелер бойынша өз ой-пікірлерін айтып, тиісті ұсыныстар жасады. Қаралған мәселелер бойынша сессия шешімдері қабылданды.
Сесия жұмысына Іле ауданы әкімінің орынбасары Жүнісов Дәурен Хабдолданұлы қатысты.