ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫНДА

Posted by

2016 жылдың 17 қазан күні Іле аудандық мәслихатының тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және тіл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген мәжілісі өткізілді. Комиссия отырысын аудандық мәслихат хатшысы Роза Михаил кизи Абилова жүргізді.0v8a2444

       Күн тәртібінде – Аудан мектептеріне алыс елді мекендерде тұратын оқушыларды тасымалдау туралы мәселесі қаралды.

    Қаралған мәселе бойынша – Аудан мектептеріне алыс елді мекендерде тұратын оқушыларды тасымалдау туралы, «Іле ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ақмарал Құрманжанқызы Молдағұлова баяндама жасады.

%d0%b3%d0%bb%d0%b0%d0%b2%d0%bd%d1%8b%d0%b9-%d1%81%d0%bf%d0%b5%d1%86%d0%b8%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d1%81%d1%82-%d0%b3%d1%83-%d0%be%d1%82%d0%b4%d0%b5%d0%bb-%d0%be%d0%b1%d1%80%d0%b0%d0%b7%d0%be%d0%b2

      Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 тамыздағы №8-449 «Іле ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау кестесі мен ережелері туралы» №8-449 Қаулысын орындау мақсатында балаларды мектепке тасымалдау жүргізілуде.
      Жыл сайын тасымалдауға мұқтаж балалардың саны артып келеді, себебі саяжайлардың тұрғындар өсуде. Бүгінгі таңда тасымалданатын балалар саны 4940 жетіп отыр. Балаларды 7 мекеме тасымалдайды. Іле ауданының 24 мектебіне және Карасай, Талғар аудандарының, Алматы мен Қапшағай қалаларының 8 мектебіне тасымалдау ұйымдастырылған.

    Аудан мектептеріне алыс елді мекендерде тұратын оқушыларды тасымалдау туралы, аудандық мәслихаттың Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және тіл мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының төрайымы, № 5 «Гүлдер»  сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Гүлжан Жұбайқызы Ерубаева тұрақты комиссияның қорытынды анықтамасымен депутаттарды таныстырды.%d0%b4%d0%b5%d0%bf%d1%83%d1%82%d0%b0%d1%82-%d0%b5%d1%80%d1%83%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2%d0%b0-%d0%b3%d1%83%d0%bb%d1%8c%d0%b6%d0%b0%d0%bd-%d0%b6%d1%83%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2%d0%bd%d0%b0
     Жарыссөзде аудандық мәслихат депутаттары Кошалко М.С., Бейсембаев Ж.Ж., Исаев Ә.Ә., Нұрғисаева С.Ө.,  Казцик ауылдық округінің  әкімі Кузембаев С.И. сөз сөйлеп, өздерінің ұсыныстарын айтты.                   

Қаралған мәселе бойынша тұрақты комиссияның қаулысы қабылданды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *