Этика бойынша депутаттық оқу

Posted by

2016 жыл 17 қазанда Іле аудандық мәслихатында «Депутаттық этика, өкілеттілік, заңдылықты сақтау, құқық тәртібі және жұртшылықпен байланыс мәселелері жөніндегі мәселесі бойынша» тұрақты комиссияның Исаев Амзе Альдибекович төрағалық етуімен «Іле аудандық мәслихаттың алтыншы шақырудағы депутат этикасының ережелері» бойынша оқыту өткізілді. Исаев А.А. депутаттарды пайдаланылған ережелер мен этиканың нормаларымен таныстырды: «осы Ережелер Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының негізінде, аудандық мәслихаттың Регламентіне сәйкес әзірленді. Ережелер Іле аудандық мәслихатының депутаттары үшін сақталуы міндетті жалпыға бірдей қабылданған мораль және құлықтылық нормасынан, депутат мәртебесінің ерекшеліктерінен шығатын мінез-құлықтың (этиканың) негізгі ережелерін анықтайды. Аудандық мәслихаттың әрбір депутаты осы Ережелерді сақтау жөніндегі барлық шараларды қолдануға міндетті».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *