Аудандық мәслихат хатшысының 2016 жылғы 30 қыркүйектегі №13/н-к қаулысына сәйкес, тұрғындардың әлеуметтік қорғалуы, еңбегі, жұмыспен қамтылуы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және тіл мәселелері жөніндегі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысына Іле ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау мәселесін дайындау үшін жұмыс тобы құрылып, бұл мәселе 2016 жылғы 11-12 қазан күндері Күртіден өзге, Боралдай ауылы мен ауылдық аймақтарға барып, жан-жақты тексерілді.