Ысқақ Бауыржан Ербозымұлы

29 қыркүйек 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келді.

1990 -1991 жылдары Алматы Мемлекеттік медициналық институтының тыңдаушысы болып, 1991 жылы аталған институттың бірінші курсына қабылданды.  Осы институтты емдеу ісі мамандығы бойынша 1997 жылы  бітіріп шықты.

1997-1999 жылдары Алматы қаласындағы Ғылыми зерттеу тері-венерологиялық институтында клиникалық ординатор болып қызмет атқарды.

1999-2014 жылдары Алматы қаласындағы облыстық тері-венерологиялық диспансерінде дерматовенеролог дәрігерден, директордың орынбасары  қызметіне дейін көтеріліп жұмыс жасады.

2014-2017 жылдары Алматы қаласындағы ШЖҚ «Тері-венерологиялық диспансері» МКК-нің бас дәрігері болып қызмет атқарды.

2017-2020 жылдары Талдықорған қаласындағы «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы қызметін атқарды.

03.08.2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ШЖҚ «Іле аудандық орталық ауруханасы» МКК директоры міндетін атқаруда.

Жоғары санатты дәрігер.

ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», ҚР Конституциясына 25 жыл, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл», медалдарымен, ҚР денсаулық сақтау министрінің, Алматы облысы әкімінің және облыстық, қалалық   «Nur Otan» партиясы төрағаларының  грамоталарымен марапатталған.

«Nur Otan» партиясының мүшесі.