Туймелиев Нурлан Лесович

1966 жылдың 22 шілде айында Оңтүстік Қазақстан Облысы Төле Би ауданы, Ленгер қаласында дүниеге келді. Білімі жоғары.

1984 жылдың күз айында Совет Әскери қызметіне алынды. 1986 жылы әскери борышымды өтеп келді.

1987 жылдың көктем айында Ішкі Істер Басқармасына ИЧ 167/6 Мекемесіне қызметке кірді.

Заң Университетін бітірген. Сол мекемеде 10 жыл қызмет атқарды. 1997 жылы денсаулығыма байланысты қызметтен босатылды.

1997 жылдан бастап, Іле ауданы, Өтеген Батыр ауылында тұрып, жеке кәсіпкерлікпен айналысып келді.

Отбасылы. 3 баласы бар.

Ресей Федерациясының Қорғаныс Министрінің 14 ақпан 2014 жылғы №71 бұйрығымен “Жауынгерлік тапсырманы орындау және Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына 25 жыл” атты төсбелгісімен, “Қарулы Күштерінің ардагерлері” РҚБ Орталық Кеңесі Президиумының шешіміне сәйкес 9 мамыр 2015 жыл “Ұлы Жеңіске 70 жыл” атты төсбелгісімен, “Қарулы Күштерінің ардагерлері” РҚБ Орталық Кеңесі Президиумының шешіміне сәйкес 14 мамыр 2016 жыл “Отан Патриоты” атты төсбелгісімен, Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының “Қазақстан Ардагерлері” қауымдастығы кеңесінің шешімімен 30 қазан 2016 жыл Бауыржан Момышұлы “Батыр Шапағаты” атты төсбелгісімен,  Ауған соғысы және ардагерлері мен мүгедектерінің “Ардагер” Республикалық қоғамдық одағының “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл” атты төсбелгісімен, 2018 жылғы 18 қазан №732 мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығымен бекітілген “Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл” атты мерекелік төсбелгісімен, 2019 жылы 30  тамыз Ел тәуелсіздігіне қосқан ерен еңбегі үшін Бауыржан Момышұлы “НАМЫС” атты төсбелгілерімен марапатталған.

Алматы облысы, Іле ауданының ауған соғыс ардагерлерінің жеке қайырымдылық қорының төрағасымын. Алматы облысы Іле аудандық мәслихат депутатымын.

Іле ауданының құрметті азаматы.

«Nur Otan» партиясының мүшесі.