Сатибаев Алмасбек Қожабекұлы

1971 жылы 22 наурызда Талдыкорған облысы, Панфилов ауданы, Алты үй ауылында дүниеге келген. 1978-1988  жылдары Ә. Қастеев атындағы орта мектепте білім алған.
1991 жылы ҚазССР Денсаулық сақтау Министрлігінің Республикалық медицина училищесінің санитар фельдшер мамандығын, 2006 жылы “Дарын” әлеуметтік-гуманитарлық институтының психолог, психология мұғалімі, психолог-заңгер мамандығын бітірген. Еңбек жолын 1991 жылдың 01 сәуірінен эпидемиологтың көмекшісі, сан.дәрігердің көмекшісі болып бастаған СЭС Мәскеу ауданы, Алматы қаласы.  1996-2011 жж экологиялық инспекцияда жетекші және бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарған. 25.01.2011 – 01.10.2014 жж Алматы қалалық экологиялық инспекциясының бастығы, Алматы қаласы; 01.10.2014 – 26.11.2017 жж Қоршаған ортаны қорғау және экологияны қорғау бөлімінің бастығы (қалалық экология инспекциясы бөлімінің атауы өзгертілуіне байланысты), Алматы қаласы; 27.11.2017 – 12.02.2018 жж Іле ауданының Междуреченск ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманының м.а.; 2018-2020 жылдары Іле ауданы әкімінің орынбасары.

2020ж. маусым айынан қазіргі уақытта Алматы облысы Іле ауданы «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқаруда.