Сержанов Бауыржан Сержанұлы
1986 жылы 4 тамызда Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жайпақ ауылында дүниеге келген.
1995 жылы қараша айында Алматы облысы, Іле ауданы, КазЦИК ауылына көшіп келді. 1995-2003 жылы аралығында КазЦИК ауылының Ә. Молдабеков атындағы № 6 орта мектебінде білім алды.
2003 жылы М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясына жоғарғы оқу орнына түсті. 2008 жылы жоғарғы оқу орнын бітірді. 2012-2014 жылы А. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясының заң факультетін бітірді.
2008-2017 жылдар аралығында «Қазақтелеком» Акционерлік Қоғамында электромеханик қызметінен, аудандық өндірістік телекоммуникация торабының басшысы лауазымына дейін көтерілді.
2017 жылдан қазіргі таңға дейін «HADID» ЖШС-де бас директоры болып қызмет атқарды.
Үйленген, Үш ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.
Қазақстан Халық партиясының мүшесі.