Рымжанов Бақтияр Талғатұлы

1993 жылы, ШҚО, Үржар ауданы, Таскескен ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.

2009 жылы орта мектепті аяқтап, Алматы заң колледжіне оқуға түсті. 2012 жылы «Заңгер» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Артынша бакалавр “Caspian University” оқу ордасында білімін толықтырды.

Еңбек жолын 2012 жылы «Оңтүстік Астана» ТРК» АҚ «Алматы» телеарнасында журналист – редактор, бағдарламалар мен жаңалықтар жүргізушісі, атқарушы продюсер болып бастады.

2016 – 2017 жылдар аралығында «Хабар» агенттігі» АҚ бағдарламалар өндірісі дирекциясының редакторы.

Алматы қаласы мәслихат депутатының баспасөз хатшысы – көмекшісі.

2017 жылы «Qazaqstan» РТРК» АҚ «Qareket» бағдарламасының редакторы ретінде жұмысын жалғастырды.

2018 жылы Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының Алматы қаласы бойынша меншікті тілшісі.

Алматы облысы Іле ауданы әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

2020 жылдан бері Іле аудандық «Іле таңы» газетінің директор-бас редакторы.

«Nur Otan» партиясының мүшесі.