Cержанов Нұржан Нұрмашұлы

1977 жылы 25 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылында дүниеге келді. Ұлты- қазақ. Білімі- жоғары.

Мамандығы бойынша біліктілігі: Жалпы әскери командирі, шекара қызметінің маманы, кинолог; Әскери және әкімшіліктік басқару

1983-1993жж. аралығында Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылында Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектепте оқыды.

1994-1998 жж. аралығында Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Иниститутында Жалпы әскери командирі, шекара қызметінің маманы, кинолог мамандығын оқыды.

30.08.2003 – 30.06.2005 жж. аралығында Ұлттық қорғаныс университеті Әскери Академиядасын – Әскери және әкімшіліктік басқару мамандығына оқыды.

Әскери атағы: подполковник

1993-1994 жж. аралығында №2086 Әскери бөлімшесінде қазандық цехтың операторы, 1998 жылы шілде айынан бастап ҚР ҰҚК Шекара қызметінде әскери қызметін бастады. 01.07.1998 – 31.12.1998 жж. аралығында Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Көктөбе ауылы, №2534 әскери бөлімі Қостебе щекара застава бастығының тәрбиелік әлеуметтік-құқықтық жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды. 31.12.1998 – 03.04.1999 жж. аралығында Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қызылшекара ауылы, №2535 әскери бөлімі Текес шекара застава бастығының орынбасары болып қызмет атқарды. 30.04.1999 – 11.10.1999 жж. аралығында Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Чунджа ауылы, №2534 әскери бөлімінің Оқу орталығында жүргізушілер даярлайтын ротаның жүргізушілерді даярлау звод командирі болды. 11.10.1999-01.05.2002жж. аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш қаласы №2020 Әскери бөлімшесіне қызметік жоғарылатумен ДАРХАН шекара заставасының бастығы болып қызмет атқарды. 2002 жылдың 1 қаңтарынан – 2003 жылдың 30 тамызына дейін қызметік жоғарылатумен Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлебіс ауданы, Ленгер ауылы №2020 Әскери бөлімінің Ленгер шекара комендатурасының коменданты болып әскери қызмет атқарды. 30.06.2005 – 13.06.2006 жж. жоғары әскери білім алғаннан кейін Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылында, № 2087 әскери бөлімінде келесі лауазымдарда қызмет еттім: штаб бастығының орынбасары, жауынгерлік даярлау бөлімінің бастығы, мемлекеттік шекара күзетінің бөлімше бастығы – штаб бастығының орынбасары. 13.06.2006 – 27.08.2007 жж. аралығында ШҚО, Зайсан қаласы, № 2017 Әскери бөлім командирінің бірінші орынбасары – бөлімнің штаб бастығы қызметіне жоғарылатумен тағайындалып қызмет атқарды. 27.08.2007 – 24.03.2009 жж. аралығында Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қ. №2091 аралығында баламалы қызметке ауыстырылып: әскери бөлім командирінің бірінші орынбасары -бөлімнің штаб бастығы болып жұмыс атқарды. 24.03.2009 – 21.12.2009 жж. аралығында Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қ. №2091  аралығында әскери бөлімнің командирі лауазымын уақытша атқарды.         21.12.2009 – 01.07.2012жж. аралығында Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қ. № 2084 әскери бөлімінің командирі болып әскери қызметімді атқарып, запасқа шықты.  13.07.2010 ж. ҚР ҰҚК ШҚ  подполковник кезекті әскери атақты мерзімінен бұрын алды.

Мемлекеттік қызметтен кеткеннен кейін жеке қауіпсіздік ұйымдарында жұмыс жасады: 24.10.2013 – З0.04.2014 жж. аралығында «Құдiрет-Секьюрити» ЖШС-нің Бас директорының орынбасары-кадр бөлімінің басшысы.01.05.2014 – 28.02.2017жж. аралыгында «Охранное агентство ЛЕГИОН» ЖШС-нің Бас директоры.01.03.2017 – 25.06.2018 жж. «Охранное агентство «ХАС» ЖШС-нің Атқарушы директоры30.06.2018 бастап Охранное агентство «MEDIN SECURITY» ЖШС-нің Директоры  болып осы уақытқа дейін жұмыста.

Марапатталды: 2001 жылы Қазақстан Республикасының Президентінен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медаль, 2011 жылы Қазақстан Республикасының Президентінен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медаль,ҚР ҰҚК-нің төрағасынан шекараны қорғаудағы айырықшылығы үшін медалі, 2004 ж.  ҚР ҰҚК-нің төрағасынан «Мінсіз қызметке 10 жыл» медаль, 2009 ж. ҚР ҰҚК-нің төрағасынан «Мінсіз қызметке 15 жыл» медаль. «Кәсіби тану» орден, «Еңбегі мен жетістігі үшін» медалі «Жыл көшбасшысы-2019»,  2011 ж. Алматы облысының әкімінің «Құрмет грамотасы».

Үйленген, 5 баласы бар.

«Ауыл» Халықтық – демократиялық патриотттық партиясының  мүшесі