ТАЛЮС ВАЛЕНТИНА ИОНАСОВНА

1994 жылы 4 маусымда Астрахань қаласында (Ресей) дүниеге келген. Ұлты  литвалық.

2012 жылы орта мектепті бітіріп, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне педагог-психолог мамандығы бойынша оқуға түсті.

2016 жылы жоғары оқу орнын қызыл дипломмен бітірді. 2016 жылдың қыркүйегінде Алматы облысы, Іле ауданы, Қараой ауылының Ы.Ногайбаев атындағы №18 орта мектебіне «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты.

2016 жылдың  қазанында «педагог-психолог» лауазымын алды, қазіргі уақытта осы лауазымында жұмыс атқарады. Қазақстан Халық Ассамблеясының мүшесі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Аудандық, облыстық және республикалық жастар форумдарының, кездесулердің, экспедициялардың қатысушысы.

2019 жылы мамыр айында өткен Қазақстан Халқы Ассамблеясының Алматы облысындағы XXV сессиясының спикері. 2019 жылы желтоқсан айында этносаралық қатынастарды дамытуға және мемлекеттік тілді насихаттауға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенты Қ.К. Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды.

2020 жылы қыркүйек айында «Мемлекттік тіл-Тәуелсіздік «Мемлекттік тіл-Тәуелсіздік символы»» атты облыстық байқауында бірінші орынға ие болды.

«Nur Otan» партиясының мүшесі.