Потапова Елена Геннадьевна

1975 жылы 10 маусымында  Алматы облысы, Ынтымақ ауылында дүниеге келді. Ұлты орыс.

1992 жылы Байсерке ауылындағы №9 орта мектепті бітірді.

Осы жылы  С.Д.Асфендияров атындағы Алматы Мемлекеттік медициналық институтына түсіп, 1999 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітіріп,  дәрігер –терапевт квалификациясын алып шықты.

1999-2001 жылдары Алматы қаласындағы №4 қалалық клиникалық аурухана базасында жалпы тәжірибе дәрігері мамандығы бойынша интернатурадан өтті.

2001-2005 жылдан бастап Іле ауданы, Ынтымақ ауылдық дәрігерлік амбулаториясында учаскелік дәрігер болып жұмыс жасады.

2005 жылы аудандық орталық ауруханасына учаскелік дәрігер болып ауыстырылды.

2011 жылы Іле аудандық емханасының меңгерушісі болып тағайындалды.

2016-2018 жылдарыаудандық аурухананың дәрігерлік кеңес комиссиясының төрағасы болды.

2018 жылдың маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін емхана меңгерушісі қызметін атқарады.

«AVICENNA  алтын медалі» төсбелгісімен марапатталды.

Тұрмыста, 2 баласы бар.

«Nur Otan» партиясының мүшесі.