Кузиев Динмухамед Дильмуратович

1993 жылы 17 желтоқсанда  Алматы қаласында дүниеге келді.

2010 жылы  Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтына (ҚМЭБИ) Маркетинг мамандығы бойынша түсіп, оны 2014 жылы үздік дипломмен бітірді.

2007 жылдан бастап  «БЕНТ» АҚ әр түрлі өндірістік кәсіпорындарында үш айлық практикалардан өтті.

2007 жылы «БЕНТ» АҚ құс фабрикасында әр түрлі қарапайым маман саласында тәжірибеден өтті.

2008 жылы «БЕСАТ» ЖШС ет комбинатында мал сою пунктінің жұмысшысы болып жұмыс істеді.

2009 жылы «БЕСАТ» ЖШС ет комбинаты жанындағы мал сою пунктінің бригадирі қызметіне ауыстырылды.

2010 жылдан 2012 жылға дейін «БЕНТ» АҚ президентінің көмекшісі болып жұмыс істеді.

2012 жылы өндіріс саласында біліктілігімді арттыру мақсатында Жапонияға бір жылға барды.

2013 жылдан бастап 2015 жылға дейін «БЕНТ» АҚ атқарушы директоры қызметін атқарды. 2

015 жылдан 2016 жылға дейін «Фирма «БЕНТ» ЖШС вице-президенті болып жұмыс істеді.

2016 жылдың қазан айында «Фирма «БЕНТ» ЖШС құрылтайшыларының жалпы жиналысында мен «Фирма «БЕНТ» ЖШС президенті лауазымына тағайындалып және осы уақытқа дейін кәсіпорынның бірінші басшысы болып табылады.

2015 жылдан бастап өнеркәсіпшілер, кәсіпкерлер және ауыл шаруашылығы қызметкерлері қауымдастығы президентінің кеңесшісі.

Үйленген, қызы және ұлы бар.

«Nur Otan» партиясының мүшесі.