Жарқынбеков Сұлтан Данашұлы
1 желтоқсан 1965 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жалаулы ауылында туылған.
1985 жылы Алматы Құрылыс техникумының «Архитектура» бөлімін бітіріп, «Архитектор» мамандығын алды.
1990-1995 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық Мемлекеттік Университетін бітіріп, «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығын алды.
1985-1987 жылдары. Башқұрт АССР-да Кеңестік әскер қатарында қызмет атқарды.
1987-2018 жылдар арасында төмендегі қызметті атқарған.
1987-1988 жылдары Кеген ауданы №3 орта мектебінде сурет, еңбек пәнінің мұғалімі,
1988 – 1989 жылдары Райымбекаудандық «Техникалық инвентаризация бюросының» техник-инвентаризаторы.
1989 – 1996 жылдары– Жалаулы орталау мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі.
1996 – 1998 жылдары Жалаулы орта мектебі директорының оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі
1998 – 2000 жылдары Райымбек ауданындағы Нарынқол ауылы О.Жандосов атындағы орта мектебінің директоры.
2000 – 2005 жылдары Іле ауданы Ынтымақ ауылы №30 орта мектебінің директоры.
2005 жылы Іле аудандық әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің бастығы.
2010 жылдан Іле аудандық әкімдігі Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы.
2012-2018 жылдан Іле аудандық әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің бастығы қызметін атқарған.
2018 жылдан Ынтымақ ауылы «46 орта мектебі МКМ» директоры болып тағайындалды. Отбасылы. 3 баласы бар.
Ол жоғарыдағы салалары бойынша ғылыми еңбектердің, оқу құралдарының авторы.
Қазақ Ұлттық салт-ғұрып академиясының Ғылыми кеңестің шешімімен 2016 жылғы 18-наурыздағы №10 хаттамасы бойынша атаулы академияның профессоры атағын алған.
«Қазақстан Республикасының Астанасының 10 жылдығына» (2014ж), «Қазақстан Республикасының Ассамблеясына 20 жыл» (2015 ж), Халықаралық «Бейбітшілік әлемі» қоғамдық ұйымының «Ұлт мақтанышы» , (2015 ж), «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016ж) медалі және Аудан әкімі, Облыстық Ішкі саясат басқармасының Құрмет грамоталары (2014 – 2017 жж) , Республикалық қоғамдық ұйымдардың «Үздік директор» (2019 жылы), «Білім үздігі» (2020 ж) төсбелгісімен марапатталған.
Отбасылы. 3 баласы бар.
«Nur Otan» партиясының мүшесі.