Ақжолтаева Гульмира Есқалиқызы

1976 жылы 17 қаңтарда Павлодар облысы, “Рассвет” совхозында дүниеге келген.

1982 жылы Жаңалық ауылында орта мектептің 1 сыныбына барып, 1992 жылы Николаевка ауылындағы №3 мектепті бітіреді.

Екі жоғары білімі бар. 1993 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне «орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығына оқуға түсіп, 1998 жылы аяқтады. 2004 жылы «Тұран» университетін экономика мамандығы бойынша оқуға қабылданып, 2007 жылы тәмамдаған.

1992 жылы Жаңалық ауылының орта мектебіне тәлімгер болып жұмысқа орналасады.

25.09.1992 – 02.06.1994 жылдары –  Мектеп тәлімгері. №37 ОМ бастауыш сынып мұғалімі.

02.06.1994 – 23.09.1996 жылдары – Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

23.09.1996 – 30.12.1998 жылдары – Оқу секторының меңгерушісі

01.01.1999 – 09.02.2001 жылдары –  «Сахабаев» ЖК әкімшісі

09.02.2001 -14.09.2006 жылдары – «Сахабаев» ЖК кадр бөлімінің маманы

14.09.2006 – 07.03.2010 жылдары – Маркетинг жөніндегі атқарушы директор

07.04.2010 – 01.01.2012 жылдары – жеке кәсіпкер

01.02.2012 – 01.06.2012 жылдары  – ШЖҚ «ААБКА» МКК кадр бөлімінің маманы.

01.02.2013 жылдан күні бүгінге дейін  ШЖҚ «Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы» МКК-де кеңсе меңгерушісі болып қызметін атқарады.

Іле аудандық Қоғамдық Кеңестің мүшесі.

«Nur Otan» партиясының мүшесі.