Мәслихат депутаты  өз құзырына қатысты мәселелер бойынша әкімге, тиісті сайлау комиссиясының төрағасына, оның бір мүшесіне, прокурорға, орталық атқарушы органдардың аймақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларына, жергілікті бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдарға, сондай ақ жергілікті өзін өзі басқару органдарына ресми хат жолдауына құқықты.

Депутаттық сауалға берілетін жауап жазбаша түрде, бір айдан кешікпей берілу керек. Өз сауалына алған жауабы бойынша депутат өз ойын айтуға құқылы.

Прокурорға жолданған  сауал қылмыстық тергеумен байланысты болмауы керек.

Депутаттың сауалы – «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңымен  кепілденген, мәслихат құзырына қатысты , олардың қызметіне қажетті қандай да болсын мәселені мәслихат сессиясына қажетті жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларынан тиісті жауаптарын талап етуге және алуға құқылы.

Депутаттық өтінімдер

Депутаттың өтінімі заңның бұзылуы туралы, сайлаушылардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, сондай ақ мәслихат аумағында орналасқан мемлекеттік ұйымдар мен органдардың әрекеттеріндегі бюрократтық былықтарды әшкерелеу туралы сайлаушылардың өтініштері мен арыз – шағымдарына байланысты пайдаланылады.

Мәслихат депутатының жіберген өтінімін қызметтік тұлға қарауға міндетті және оған белгіленген мерзімде жауап беруі керек.

Өтінім берген депутат мәслихат құзырына қатысты мәселелерді көтереді және олардың жүзеге асырылуына ықпал етеді.

Мәслихат депутаты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың отырыстарында өзінің берген өтінімін талдауға қатысуына болады.

Депутаттың өтінімін талқылау туралы мемлекеттік орган немесе ұйым депутатты алдын ала хабардар етуі керек. (уақыты және орны туралы)

Депутат сайлаушыларының өтініштері, арыз- шағымдарының негізінде, өзінің   мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберген өтінімінің орындалу барысына бақылау жүргізуіне құқықты.

Депутаттың өтінімін, оның сайлау округіндегі жұмысының ең басты формасының бірі ретінде қарау керек.