Даниярова Дүрия Рәтбекқызы

1964 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келді.

Білімі: жоғары, техника ғылымдарының кандидаты, ассоцияцияланған профессор

1982-1987 жж. – С.М.Киров атындағы мемлекеттік университеті, мамандығы- «Журналистика»;

2002-2005 жж. – Қазақ қатынас жолдары университеті, мамандығы-инженер-электрик;

2020 ж.- Шет тілдер және іскерлік мансап университетінің екі шет тілі-түрік және ағылшын тілдері бойынша қашықтықтан оқу бағдарламасына қабылданды.

2010 ж. – техника ғылымдарының кандидаты;

2013 ж. – ассоцияцияланған профессор;

Қазақстан Журналистер Одағының  мүшесі;

Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының тең мүшесі.

Жұмыс тәжірибесі:

1987-2002 жж. – “Қазақстан” ұлттық телеарнасы, редактор, аға редактор, жарнама-коммерциялық бөлімінің жетекшісі, қоғамдық-саяси бағдарламалар комментаторы, әлеуметтік бағдарламалар шығармашылық бірлестігінің продюсері ;

2002-2010 жж. – «М. Тынышпаева атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы» АҚ, қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінің бастығы,  “Радиотехника және телекоммуникация” кафедрасының аға оқытушысы;

2010-2011 жж. – РКТРК “Қазақстан”, әлеуметтік бағдарламалар шығармашылық бірлестігінің продюсері ;

2011-2012 жж. – Д.А.Қонаев атындағы университеті, тәрбие жұмысы және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор;

2012 – 2013 жж. – Қазақ инженерлік-техникалық университеті, “Есептеу техникасы, автоматтандыру және телекоммуникация” кафедрасының меңгерушісі, ОӘЖ жөніндегі проректор;

2013 жылдан бастап, қазіргі уақытта – Халықаралық білім беру корпорациясы, Қазақ Америка университеті,

“Радиоэлектроника және есептеу техникасы” кафедрасының меңгерушісі

Марапаттары:

1. ” Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласының Үздік педагогы” Құрметті атағымен марапатталды, медаль иегері. Қазақстан республикасының жоғары оқу орындары қауымдастығы  2019 ж.,

2. А. Байтұрсынов атындағы “Қола медаль”  иегері  2019 ж.

«Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының мүшесі.